• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Алматы облысы 100 млн астам халықты азық-түлікпен қамтамасыз ете алады – Баталов 

Алматы. 10 маусым. Ақпараттар орталығы. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірдің тиімді географиялық жағдайы заманауи технологияларды қолдану арқылы 100 млн астам халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп санайды. 

«Соңғы жылдары біз бизнес тарапынан Алматы облысына деген қызығушылықтың артқанын байқап отырмыз. Сонымен 2015 жылы инвестиция көлемі бойынша (490 млрд теңге) облыс 2014 жылғы деңгейді 105,3% физикалық көлем индексімен 37 млрд теңгеге арттырып, республика бойынша 4-ші айқындамаға шықты», - деді А. Баталов «Жетісу Инвест – 2016» халықаралық инвестициялық форумы барысында. 

Жалпы, өткен жылы жалпы сомасы 34,7 млрд теңгеге 170 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 3,6 мың жаңа жұмыс орындары құрылды. Әкім хабарлағандай, ағымдағы жылы 94 млрд теңгеге 115 жобаны жүзеге асыру жоспарланған, ол 4,4 мың адамды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді.

«Барлығы 2016-2020 жылдар аралығында 2 трлн теңгеден астам сомаға 443 жоба жүзеге асырылады деп күтіп отырмыз, нәтижесінде 23 мыңдай жұмыс орны құрылады», - деді Алматы облысының басшысы. 

Ол Алматы облысының тиімді географиялық жағдайы заманауи технологияларды пайдалану арқылы 100 млн астам халықты азық-түлікпен қамтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. 

Өңір басшысы атап өткендей, облыстың табиғи-климаттық факторлары мен аграрлық-индустриалды бағытын ескере келе, ауыл шаруашылық өндірісін қарқынды ету мен оның өнімдерін тереңінен қайта өңдеуді арттыру инвестицияның негізгі бағыттары болып табылады. 

«Жүгері өндірісінде, сүт-тауарлы фермасы мен қайта өңдеуші кәсіпорындарды құруда, туризм саласында, әлеуметтік нысандар құрылысында (атап айтсақ мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде балабақша ашу), сондай-ақ жел және күн электр стансаларында өсім болашағы бар », - деп баса айтты А. Баталов.

Әкімнің баспасөз қызметінде мәлімдегендей, форум қорытындысы бойынша Алматы мен Жамбыл областары әкімдіктерінің арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды, сонымен қатар жалпы сомасы 1,2 млрд АҚШ долларынан астам сомаға түрлі салаларда қызметтерді жүзеге асыратын компаниялармен бірқатар меморандум жасалды.

Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.

ru Полиция Астаны адресно посетила более 1000 семей в рамках ОПМ

ru Звонок через мессенджер обернулся хищением 1,8 млн тенге в области

ru ИИ начнут применять при экспертизе строительных проектов в Казахстане

ru 1,2 млн тонн мяса всех видов произведено в Казахстане в

ru 110 коррупционных преступлений зарегистрировано с начала года в Казахстане

ru Рекордный объём инвестиций: Астана привлекла свыше 2,5 трлн тенге

ru Новые возможности продемонстрировал телеканал Qonaev Media

ru На линии «Астана – Семей» введён в эксплуатацию новый пассажирский

ru МВД сделало заявление по курсам подготовки водителей транспортных средств

ru В столице осужден «лжецелитель» из TikTok

ru Организаторы незаконного игорного бизнеса объявлены в розыск

ru Президент Касым-Жомарт Токаев поздравил журналистов Казахстана с Национальным днем печати

ru Токаев посетит Пакистан 3-4 февраля

ru В Алматы открыт обновленный колледж телекоммуникаций и машиностроения

ru В Казахстане обновят 9 энергоблоков, 55 котлов и 51 турбину

ru МВД пресекло незаконный оборот закиси азота

ru Бюро нацстатистики переходит на новый подход к расчету инфляции

ru По итогам прошлого года объём фармацевтического рынка составил 2,5 млрд

ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Королю Испании

ru В 2025 году на ЭБТ предложение превысило спрос более чем

ru Ведущие компании Казахстана и ОАЭ подписали порядка 20 коммерческих документов

ru Более 1580 аграриев уже получили доступ к раннему финансированию посевной

ru Полиция ликвидировала крупную партию наркотиков в Павлодаре

ru В области Жетicу заместителя районного акима приговорили к лишению свободы

ru Сменился пресс-секретарь президента

ru Более 16,8 тыс. этнических казахов получили статус кандаса в 2025

ru Казахстан и ExxonMobil укрепляют стратегическое партнерство в энергетическом секторе

ru В Алматинском зоопарке стало больше животных и посетителей

ru В стране проводится ОПМ “Безопасный двор”

ru Честь Казахстана на зимних Олимпийских играх будут защищать 36 спортсменов